Ұстаз – адамзаттың шамшырағы
03.10.2025
Ұстаздар – қоғамның алтын діңгегі, адамзаттың шамшырағы. Олардың білімі мен тәлім-тәрбиесі бізді биік шыңдарға жетелейді. Әрбір ұстаздың еңбегі – ұлт болашағының мықты іргетасы. Ұстаздар күні құтты болсын! Сіздердің еңбектеріңізге шексіз алғыс айтамыз! Әр күніңіз қуаныш пен шабытқа толы болсын!
Ізгі тілекпен
мектеп директоры
Бекмагамбетова Асельм Жетрубаевна
Ұстазым
Авторы: Фариза Оңғарсынова
Заводта болсаң, күнбе-күн көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің – сырқаулы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің өзгеше тіпті басқадан:
Ол — өзін арнап ел үшін осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам – елдің тірегі, байлығы туған халықтың,
Шапағын шашар үнемі көгінде тұрған жарық күн.
Сан жастың қамын шертесің, тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
Шәкіртсіз өмір – сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің, әр сәтің –
тұрған бір ерлік!
Просмотров: 130